KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Орман мекемелерінде өртке қарсы техника жетіспейді

29.04.2019, 11:29 187

Күн жылынып жаз шықса өрт те көбейетіні белгілі. Мәселен, сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері ғана төрт орман және төрт далалық өрт болса, сонымен бірге 150-ден астам жану фактісі тіркелген екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жөнінде жуырда облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың төрағалығымен әкімдікте өткен төтенше жағдайларды жою және ескерту жөніндегі облыстық комиссияның кезекті мәжілісінде айтылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупі бар кезең басталғалы бері ғарыштық мониторингтің көмегімен табиғи өрттерді бақылауды тәулік бойы жүргізіп келеді. Алайда, өрт сөндірушілердің айтуынша, кейбір орман мекемелерінде техникалар мен жабдықтардың жетіспеушілігі байқалады, тиісінше жабдықталмаған. Бұл өрт кезінде жылдам қимылдауға айтарлықтай кедергісін тигізетіндігін айтады мамандар.

– Далалық өрттер мен елді мекендердегі өрттерге қарсы әрекет ету үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылымы ауылдарда жергілікті атқарушы органдар арқылы 251 ерікті өртке қарсы құрылым жасақталған. Бұл ретте қажетті жабдықталудың жеткіліксіздігі және еріктілердің сәйкесінше дайындығының болмауы табиғи өрттерді сөндіру нәтижесіне де әсер етеді, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алексей Штыкель.

Оның мәлімдеуінше, жылдың басынан бері ғана төрт орман және төрт далалық өрт, сонымен бірге 150-ден астам жану фактісі тіркелген. Осылардың тек төрт пайыздай жағдайында ғана жергілікті атқарушы органдар қызыл жалынды өздері ауыздықтай алған, қалған өрттердің бәрі азаматтық қорғау органдарының құрылымдарымен сөндірілген.

– Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ, шалғайдағы елді мекендерді толық қамтамасыз ету үшін 113 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеуі тиіс,- деді тағы да А.Штыкель

Қазіргі уақытта облыстың жеті ауданында жоспарланған он бекеттің сегізі қалпына келтірілген. Ағымдағы жылы өрт сөндіру бекеттерін құрудың кезең-кезең бойынша жоспарына сәйкес14 нысанды құру жоспарланған, 2020 жылы тағы 15-і құрылмақ.

– Бүгінгі таңда облыста жергілікті атқарушы органдар қаржысы есебінен ұсталынатын 63 өрт сөндіру бекеті бар, олардың 57-сі жұмыс істеп тұр. Қалған алты бекетте техника жарамсыз және өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жоқ, – деген ақпарат келтірді комиссия мәжілісінде департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы Ғафур Ақаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу