KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

"Миллионға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз" – Даниал Ахметов

24.05.2022, 10:12 146

Облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ басқарма басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеңесте қалалардың айналасындағы және ішіндегі жасыл белдеулер мәселесі талқыланды.

– Біз миллионға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қала әкімдеріне көгалдандыру жоспарына түзетулер енгізуді тапсырамын. Әр қала үшін қосымша ағаштар мен бұталар отырғызылсын. Өскемен мен Семейге – 30 мың көшет. Риддер мен Алтайға – 15 мыңнан, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы тұрғын үйлерді көгалдандыруға да көңіл бөлеу керектігін айтты.

– Біз оған да дайынбыз. Тұрғындардың өздері бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін. Олар ағаш отырғызуға белсенді қатысып қана қоймай, оларға қамқорлық жасайды, – дейді облыс басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив