KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

«Ақниет» секілді мектептер елімізде көп болуы тиіс - Гүлшара Әбдіхалықова

20.04.2019, 06:14 160

Ел Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация Өскемендегі «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында болып, оқу орнының жай-күйімен танысты.

«Ақниет»атты мүгедек балаларға арналған интернат 2016 жылдың соңында облыс әкімінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту мақсатында ашылған болатын. Тірек-қимыл аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балалар қала мектептерінде басқа құрдастарымен бірге және тең дәрежеде білім алып, осы мекеме ішіндегі арнайы сыныптарда кәсіптерге машықтанады.

– «Ақниет»мектебі сынды физикалық проблемалары бар балалар үшін арнайы құрылған мекемелер елімізде әлі де болсын аз, мұндай оқу орындарының санын алдағы уақытта көбейту қажет, – деді оқу орнының әдістемесімен танысқан Гүлшара Наушақызы.

Мұнда логопед, дефектолог, педагог-психолог сынды мамандар жұмыс істейді. Балалар негізінен Катонқарағай, Үржар, Көкпекті, Алтай аудандарынан, Риддер қаласынан. Балалар қазақ тілінде №16, орыс тілінде №15 мектепте білім алады.

Мұндағы арнайы сыныптарда қазір бухгалтерлік есеп және аудит, аударма және іс жүргізу,электронды есептеу машинасының операторы мамандықтары бойынша оқушылар үшін кәсіпалды, курстық дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан соң Үкімет мүшелері Өскеменнің жаңа ықшам ауданында салынып жатқан 200 төсек-орындық балалар ауруханасының құрылысымен танысты. Аталмыш мекеменың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив