KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

ШҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

18.04.2019, 10:12 191

Бүгін ШҚО әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл лауазымға Аягөз ауданының бұрыңғы әкімі Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы тағайындалып отыр.

Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылы 29 Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.  жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институты, инженер-электрик, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университеті, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Алтайэнерго» мекемесі Аягөз электр торабының инженері болып бастаған.

2002 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры, 2004 жылдың мамырынан Аягөз аудандық электр желісінің басшысы қызметін атқарды.  2004 жылдың желтоқсанынан Бородулиха ауданы электр торабының бастығы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» ЖШС атқарушы директоры, 2009 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2009 жылғы сәуірден ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасы бас сарапшысы 2009 жылғы маусымынан Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, 2009 жылғы қазаннан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қарашасынан бастап Аягөз қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив