Алтай қаласында жылыту маусымы ұзартылды
Жылыту маусымын ұзартуды аудандық әкімдіктен қала тұрғындары сұрап отыр екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл сәуір айында күн жылынып кетті. Алайда синоптиктер алда ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін екенін ескертеді. Мысалы алдағы үш күнде жауын-шашын болып, -10 градусқа дейін суытады деген болжам бар.
Осы орайда Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов жылыту маусымын 1 мамырға дейін ұзарту туралы тапсырма беріп отыр.
Оқи отырыңыз