KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
441.79 478.77 4.9

Үржарға жаңа әкім тағайындалды – ШҚО

25.02.2020, 04:30 235

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына әкім болып Нұржан Тоқсейітов тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нұржан Тоқсейітов бұған дейін Алтай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Нұржан Тоқсейітов 1960 жылы 6 шілдеде Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданының «Семенов» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1981 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, төрт жылдан кейін мал дәрігері болып жұмыс істейді.

1995 жылдан 1998 жылға дейін «Семей-Агро» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС басшысы болған. 2000 жылдан 2003 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан 2010 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметінде болды.

2010 жылдан 2015 жылға дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары. 2015 жылғы 27 қазанда аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Нұржан Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржарды жеті жыл басқарған Серік Зайнулдин Зайсан ауданының әкімі қызметіне ауысты. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив