ШҚО-да төрт бала иіс тиіп уланды
Ауруханаға бір үйдің төрт баласы иіс тиіп, уланып түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Зайсан ауданында болды. 10, 8, 5 және 1 жастағы қыз балалардың бір уақытта жағдайлары нашарлап кеткен екен. Дәрігерлер уланудың жеңіл түрін анықтап отыр. Қазір олар стационарда ем қабылдап жатыр.
Анықталғандай, бұл жағдайға жер үйдегі пештің ақауы себеп болған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымы басталған кезден бері 80-нн астам адам иіс тиі уланған, оның ішінде 39-ы – балалар, 8 адам көз жұмды.
Оқи отырыңыз