KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

Сәуір айында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

9.04.2019, 05:05 253

ШҚО-да су тасқынының қауіпі әлі сейілген жоқ. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Қазақстан аумағында қар жамылғысының аумағы 23 пайызға азайған. Қазір қар жамылғысы тауларда, жыралар мен ормандарда ғана сақталып отыр.

-Өзендердің сулылығы ары қарай еріген қар, жауын-шашын мен жиналған ылғал қорының су айдындарының арналарына құйылуымен белгіленетін болады, - деп көрсетілген Қазгидрометтің хабарламасында.

Сәуір айында ШҚО-да және республиканың тағы бірнеше аймағында су тасқыны болуы мүмкін екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу