KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көкпекті ауылдарының жолдары қашан жөнделеді?

5.04.2019, 10:48 202

«Көкпекті» коммуналдық мекемесі аудандағы 62 шақырым жергілікті маңыздағы ауыл жолдарын грейдерлеу жұмысын аяқтады. Бұл – Тассай ауылына апаратын 18 шақырым жол жиегі, 9 шақырым Тассай – Үшкөмей, 30 шақырым Бастаушы – Қараөткел, 4 шақырым Көкпекті – Шәріптоғай автокөлік жолдары, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Сонымен бірге, аудан орталығы Көкпекті ауылының 7 көшесіне құм, қиыршық тас төсеу және грейдерлеу жұмыстары басталды. Мағжан Жұмабаев көшесіне грейдер жүргізіліп, жол жиегіндегі арық жыртылды. Шоқан Уәлиханов және Николай Авдеев көшелерінің тозығы жеткен бөлігіне қиыршық тас төселіп, грейдермен тегістелуде. Николай Авдеев атындағы көшенің жолы 1952 жылдан бері жөндеу көрмеген екен. Бұл туралы осы көшенің байырғы тұрғыны Дамир Мырзасов баяндап берді.

 

- Өзім тұратын Авдеев көшесінде соңғы рет жөндеу жұмыстары сонау 1952 жылы жасалды. Ол кезде мен 6 жастағы бала едім. Енді міне көшеміз түзеліп, көңіліміз көтеріліп қалды. Ауылдар ажарланып, көшелер көрікті болып тұрса, халықтың да көңілі әрдайым шат болатыны анық, - дейді Дамир аға.

 

Коммуаналдық мекеменің автосамосвал Камаз, грейдер, МТЗ-80, МТЗ-82 тракторлары аудандық маңыздағы жолдарды грейдерлеу, қиыршық құм төсеуді жалғастырады. ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жылқышев жөнделетін жолдарды да тізіп берді. Алдағы күндері Преображенка – Шұғылбай, Қойтас, Биғаш – Егінбұлақ, Үкіліқыз – Кішібөкен, Толағай, Ұзынбұлақ, Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы бағытына техника жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу