KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскемендегі театр маңына салынып жатқан үйлердің бағасы қанша?

5.04.2019, 05:50 230

Өскемендегі драма театры маңында салынып жатқан зәулім үйлердің құрылысы аяқталып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сәтпеав даңғылында салынып жатқан бұл 9 қабатты үйлердің саны – бесеу. Дәл қазір ондағы 1,2,3 бөлмелі үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» «өз үйім» (свой дом) бағдарламасы арқылы сатылымға шықты. Бағдарлама шарты бойынша, пәтер бағасының 20%-ын алдын ала төлеуіңіз керек. Несие мөлшерлемесі (ставкасы) – 7%-ды құрайды.
Ерекшелігі сол, бұл бағдарламаға басында баспанасы бар адамдар да қатыса алады. Бастысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болсаңыз жеткілікті.


Үйдің 1 шаршы метрі – 165 мың теңге. Сонда 42,24 шаршы метрлік 1 бөлмелі үйдің бағасы 7 441 500 теңге болады. Ал оның алдын ала салынуға тиіс 20%-ы – 1 488 300 теңгеге тең.


Жауапты тұлғалардың айтысынша, үй жазда дайын болады. Бағдарламадан өткен отбасылардың мұнда күзге дейін көшіп кіріп алуына болады.


– Бұл үйлер, біріншіден, экологиялық таза ауданда; екіншіден, әлеуметтік маңызды сауықтыру орталығы, базар, театр, мектебі жақын жерде; үшіншіден, ауласы кең, көлік тұрағы жеткілікті жерде салынған. Оған қоса үйдің жобасы бұрынғылардан өзгеше, – дейді банктің баспасөз қызметкері.


Айтуынша, аталмыш ауданда үй құрылысы жалғаса береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив