Өскеменде жасанды тырнақ жапсырған әйелдерге банк картасын бермейтін банкомат бар (видео)
Өскеменде әйелдердің табиғи сұлулығын жақсы көретін банкомат бар екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Буров, 24 мекен жайындағы «Халық банк» банкоматы жасанды тырнақ жапсырған ханымдардың банк картасын бермейді. Яғни «жұтып» қояды. Адам сенгіз жайтты қала тұрғындары да, сол маңдағы банк кеңсесі де растап отыр. Картасын ала алмай тұрған нәзік жандарға неше мәрте қол ұшын созған күзетшілер де – куә бұған.
Яғни бұл ерекше банкомат ұзын әрі жасанды тырнақты әйел адамдарға банк картасын қайтармайды, құдды «ұстап» тұрып алады. Ал еркектерге немесе тырнақ жапсырмаған қыздарға еш қарсылық білдірмейді. Сенбейсіз бе? Көріңіз.