KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

3 айдан кейін Семейдің Орталық саябағын танымай қаласыз

1.04.2019, 10:10 288

Семейдің бұған дейін біршама қараусыз қалған жалғыз Орталық саябағы көркейетін болды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен жобалаушы мекеме, кафе иелері, БАҚ өкілдері Орталық саябақта бас қосып, проблемалық дүниелерді талқыға салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі


-Шіріген, ескірген ағаштар патологиялық тексеруден өткен соң ғана кесіліп алынып тасталады,-деді Ермак Бидахметұлы,-ескі орындықтар алынып тасталады. Бұрындары Орталық саябақтың жарықтандыруы ақсап жататын. Енді жарық диодты шамдар орнатылатын болды.


Жобалаушы мекеме өкілдерінің айтуынша, саябақ 4 аймаққа бөлінбек. Балалар және спорт алаңдары, амфитеатр пайда болмақ. Саябақтың аумағында заманауи субұрқақтар мен орындықтар қойылмақ.


-Саябақта футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен скейт алаңдар орнатамыз,-деді жобалаушы компанияның жетекшісінің орынбасары Марат Жұмағұлов,-балалар ойнайтын алаңдағы әлпеншектер атаулы табиғи материалдан жасалады. Ересектеу балалар үшін би алаңы мен шахмат тақтайларын орнатамыз.


Бұрындары көрінген жерде бей-берекет сатылып тұратын тәттілер мен балмұздақ дүңгіршектері жөнді қалыпқа келтірілетін болмақ. Десе де, кафе, мейрамхана сияқты барлық көңіл көтеру орындары өз орындарында қалатын болды. Бірақ, олар саябаққа қатыссыз жеке қоршаумен қоршалып, есігі жеке басқа жақтан шығарылатын болды. Бірақ, олар бағыттарын өзгертіп, алкогольді ішімдік сатпайтын балалар кафесіне айналса, онда мәселе басқаша болады. Саябақтың күнделікті қызықты тірлігіне олар да атсалыса алатын болмақ. Және саябақтың ортасында тұрған Шәкәрім ескерткіші алынып тасталмайтын болды. Саябақты көркейту 3 айға созылмақ. Жөндеу жұмыстары кезінде саябақ жабық болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив