Риддерлік полицейлер талма ауруы бар баланы құтқарып қалды
Риддерде 15 жастағы ұл бала көшеде есінен танып құлап қалған екен. Сол маңда өтіп бара жатқан адамдар абыржып, еш көмек көрсете алмаған. Баланы полиция қызметкерлері құтқарып қалыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 17 наурызда Гоголь көшесінде болған.
Қарапайым қала тұрғындары мұндай жағдайға қалайәрекет ету керектігін білмеген көрінеді.
Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері көшелерді аралап жүріп, дәріхананың маңында адамдар жиылып қалғанын байқап қалады. Адамдардың бірі бұларға қарай көмек сұрап ұмтылған.
Полицияның аға лейтенант Бағдат Сембаев пен лейтенант Оңдасын Зикириянов тротуарда ес-түссіз жатқан баланы көреді. Ол ауырдем алып жатыр екен. Тәртіп сақшылары баланың талмау ауруы (эпилепсия) бар екенін бірден аңғарып, тиісті алғашқы көмек көрсетеді.
Бала дәрігерлер келгенге дейін есін жиып қойыпты.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді екен.