ШҚО-ның екі тұрғыны суға кете жаздады

ШҚО-ның екі тұрғыны Бұқтырма су қоймасында суға кетіп қала жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Күршім ауданының аумағында болған. Балықшылардың көлігі мұздың астына түсіп кетіпті.
Балықшылардыңбірі- Өскемен қаласының тұрғыны, екіншісі – Донское ауылының тұрғыны. Екеуі балық аулауға шыққан. Автокөлік мұздың үстімен жүріп өтіп, астына түсіп кеткен.
Ер адамдар көліктен шығып үлгеріп, құтқарушыларды шақыртады.
Белгілі болғандай, екеуінің киімдері су болып, тоңып қалған. Алайда медициналық көмектен бас тартқан көрінеді.
Оқи отырыңыз