KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да сотталғандардың еңбекке жарамды бөлігі 100 пайыз жұмыспен қамтылған

29.03.2019, 03:37 267

 ШҚО, ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі сотталғандардың еңбегін тиімді ұйымдастыру жолында  көптеген іс-шаралар атқарып, келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың еңбекке жарамды бөлігі 100 пайыз жұмыспен қамтылған. Өскемен қаласында орналасқан жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестермен келісім шарт жасасу арқылы сотталғандар жұмыспен қамтылып отыр. Сотталғандар тарпынан арыз-шағым жоқ, еңбек ақыларын уақытылы, толық көлемде алып отыр, дейді  сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері.

 

Олардың айтуынша, жазасын өтеушілердің еңбегін ұйымдастыру – әр бір түзеу мекемесінің күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Түзеу мекемелері бұл талапты іске асыруда сотталғандармен көптеген жұмыс жүргізеді.

 

 

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдардың еңбегін кәсіпорындарда пайдалану – түзеу мекемесіне де, қоғамға да ыңғайлы. Яғни сотталғандар түзеу колониясының өндірісінде еңбек еткендеғ қоғам қауіпсіздігіне қауіп туындамайды. Кеңес үкіметі уақытында түзеу мекемелеріне тапсырыс мемлекет тарапынан жүргізілгендіктен, соталғандар түзеу мекемесінің аумағына жататын кәсіпорындарда еңбек етті. Қазіргі меншік нысандарының көбеюі және түзеу мекемелеріне жұмыс тапсырыстарының мемлекет тарапынан ретті түрде жүргізілмеуі сотталғандардың еңбегін үйымдастырудың басқа да түрлерінінің пайда болуына әкелді.Сотталғандарды түзетудің бір формасы – еңбек болып табылатыны бәрімізге мәлім. Бұл заңды бұзған адамдарды тәрбиелеудің бір әдісі, мұндай адамдарды жаза өтеу жерлерінде қылмыстық ортадан шектеуге және босатылудан кейін өмірге дайындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі бар. Оның негізгі міндеттері: сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша сұрақтарды шешу, түзеу мекеме мен жұмыс берушілер арасындағы жұмыс күшін беруіне шарттарды құрастыру, міндетті зейнетақы аударымдар, еңбекке ақы төлеу және жалақы мөлшерлері бойынша сұрақтарды реттеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың сотталғандарға қатысты кепілдер мен нормаларды сақтау.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу