KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Шығыс Қазақстанның Достық үйінде жаңа басшы

5.01.2026, 11:45 79 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы лауазымына Равиль Александрович Юнусов тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жаңа жетекшіні ұжымға Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев таныстырып, жауапты қызметте табыс және өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуда қажырлы еңбек тіледі.

Равиль Юнусов бұған дейін «Достық үйі» директорының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы «Жаңғыру жолы» ШҚО волонтерлік қозғалысының жетекшісі және татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі.

Белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Бiрлік» медалімен марапатталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу