Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО
Кешеден бері ШҚО аумағында аяз түсіп, қатты боран соғуда. Салдарынан бірқатар тас жолдар жабылды.
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта біраз жолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілсе, кейбір учаскелерде жолдарды қардан тазарту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша, «Өскемен – Тарғын – Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Бұған дейін ТЖ қызметі аталмыш учаскеде қар тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.
Қазіргі уақытта ШҚО аумағында 1 республикалық маңызы бар, 1 облыстық және 1 жергілікті маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы әлі де тоқтатылған:
- «Омбы - Майқапшағай» тас жолының 1289-1321 шақырымы (Қаратал ауылы – ҚХР шекарасы);
- Өскемен – Новотроицкое;
- Алтайка-Чапаево (0-36 шақырымы).