ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал
Кешеден бері ШҚО аумағында аяз түсіп, қатты боран соғуда. Салдарынан бірқатар тас жолдар жабылды.
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта біраз жолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілсе, кейбір учаскелерде жолдарды қардан тазарту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша ШҚО аумағында 1 республикалық маңызы бар, 2 облыстық және 1 жергілікті маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған:
- «Омбы - Майқапшағай» тас жолының 1289-1321 шақырымы (Қаратал ауылы – ҚХР шекарасы);
- Өскемен – Новотроицкое;
- Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы;
- Алтайка-Чапаево (0-36 шақырымы).
Самар ауданының аумағындағы Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы тас жолында қар тазалайтын техника жұмыс істеуде.
Оқи отырыңыз