KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Қаңтардан бастап ең төменгі жалақы өседі

11.12.2022, 10:40 364 Оразай Жеңісұлы

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады. 

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген премьер-министр Әлихан Смайылов биыл республикадағы ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге жеткенін атап өтеді.

- Бұл 1,7 миллион жалдамалы жұмысшының ақшалай кірісінің артуына оң ықпалын тигізген болатын. Осы жылы әлеуметтік төлемдерге екі мәрте индексация жасалып, 4,1 миллион адам қамтылды. Оның ішінде 2,2 миллион зейнеткер бар. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін қосымша арттырылатын болады, — деді үкімет басшысы жауабында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу