KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Зайсаннан жәрмеңке келеді

13.12.2022, 15:09 654 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығына Зайсан ауданынан жәрмеңке келеді.

Тек бұл жолы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі сенбіде емес жұмада, Тәуелсіздік күнінде, болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өтетін орны – «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығының аумағы.

Қала тұрғындарына сертификатталған және сапалы азық-түлікті өндірушілердің тікелей өзінен алуға мүмкіндік бар. Мұндағы өнімдер нарықтық бағадан орташа есеппен 15%-ға төмен бағағамен саудаланады. Сондай-ақ жәрмеңкедегі тауарлардың ветеринариялық ілеспе құжаттар міндетті түрде болатын естеріңізге саламыз.

Жәрмеңке сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу