KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Тоқаев заңға қол қойды

шартты сурет

22.12.2022, 10:50 242 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді заңдастыруға бастапқы тіркеу үшін алым белгілеуді көздейтін өзгерістерге қол қойды.

«Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда сайтында.

Салық кодексіне енгізілген өзгертулерде заңдастыруға жататын көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым 200 000 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Автокөлікті заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Бұл ретте заңдастыруды алты ай ішінде жүргізу жоспарланған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінетін шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыруды жариялаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу