KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО ХҚО-лары Жаңа жылда қалай жұмыс істейді?

29.12.2022, 11:09 309 Оразай Жеңісұлы

​"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі жаңа жылдық мерекелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады.

Мереке күндері, 1, 2, 3 қаңтарда ШҚО-да ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл ретте облыс орталығындағы кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО сенбі, 31 желтоқсанда жұмыс істейтін болады. Өскемен қаласында кезекші №3 ХҚО –Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша, оның жұмыс кестесі 9-дан 13.00-ге дейін, ал Абай көшесі 203/3 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған ХҚО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды беру сағат 9-дан 15-ке дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтердің 95%-ы онлайн режимінде қол жетімді екенін еске салады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері де онлайн eGov.kz, "ХҚО" қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да ала алатыныңызды ұмытпаған жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив