KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда рақымшылыққа ілінген 461 азамат жұмысқа орналастырылған

5.01.2023, 15:45 423 Ләззат Қанатқызы

Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылыққа ілінген 461 азамат жұмысқа орналастырылған.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, республика бойынша 1095 адамға рахымшылық жарияланған. Қазір оның 461-і жұмысқа орнасалтырылған. Қалған азаматтар бойынша жұмыстар жалғасып жатқан көрінеді.

- Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы қатты зардап шекті. Қала әкімдігімен арнайы жастар үшін кешенді жоспар қабылданды. Жоспарды жастарды оқыту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, біліктілігін арттыру және баспанамен қамту көзделген. Осындай жоспар барлық өңірде қабылданды. Жастарға қатысты жыл сайын жүйелі жұмыс атқарылады. Ол Үкіметтің бақылауында, - деді Алтай Көлгінов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу