Жемқорлардан тәркіленген қаражат мектептерге жұмсалады
Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаражат мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болды.
Жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге қаражат «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты,
Президенттің тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген қаражат «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» жіберіліп жатыр екен.
Бүгінгі таңда арнайы шотта 120 млрд теңгеге жуық қаражат жиналыпты. Олар мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болады.