KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 8 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Катонқарағайда 10 мектеп қашықтықтан оқытуға көшті

19.01.2023, 09:14 468 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауданында оқушылар мектепке бармайтын болды.

Аязға байланысты Катонқарағай ауданындағы он мектеп қашықтықтан оқытуға көшті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Үлкен-Нарын, Дамитов, Ақсу, Шыңғыстай, Новополяковка, Новохайрузовка, Барлық, Корбиха, Кіші Нарым мектептерінің 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Сондай-ақ бұл қатарда Аққайнар мектебінің 0-4 сынып оқушылары да бар.

Айта кетейік, Катонқарағайда сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу