KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметі ақылы бола ма?

Фото: Stopfake.kz

22.01.2023, 13:11 380 Мадина Амангелдіқызы

Бұқаралық ақпарат құралдарында Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері ақылы болады деген ақпарат тараған еді. Онда жұмыссыздар үшін арнайы тарифтік кесте әзірленіп жатқаны айтылған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту орталықтары ақылы болады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері әрқашан халыққа тегін негізде көрсетіліп келді, әрі қарай да тегін болады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен анағұрлым кең қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау көзделген. Оның бағыттарының бірі- Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлердің жалақысына әсер ететін қызметтеріне тарифтер енгізу, яғни Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмысқа орналастырылған азаматтардың санына тікелей байланысты болады. Бұл Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақысының тарифтік кестесіне қатысты, бұл халыққа арналған тарифтер емес», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Александр Кононец.

Айта кетсек, Жұмыс қамту орталықтарына қатысты трансформация биыл үш өңірде пилоттық сынақтан өтеді екен: Астана қаласында, Қарағанды және Түркістан облыстарында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу