ШҚО: Онкологиялық орталық ашық есік күніне шақырады
28 қаңтар күні ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді.
Облыс тұрғындары сенбі күні 9.00-ден 13-00-ге дейін орталықтың білікті мамандарына қарала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналып отыр.
- Тұрғындар орталықтың жетекші мамандарына қаралып, кеңес алып, көрсеткіштеріңізге байланысты УЗД, МРТ және цитологиялық зерттеу(ПАП-тест) алу мүмкіндігі бар. Ашық есік күні Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпуста (консультативтік-диагностикалық ғимарат) болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат), - дейді орталықтың баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз