KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО: Су тасқынына дайындық қалай?

26.01.2023, 11:07 746 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданында 1966 жылы салынған Үйдене су қоймасы биылда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

Бұл туралы қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп өткізілген кеңес барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

- Үйдене су қоймасын қауіпсіздік нормаларына сәйкес келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін талдау маңызды.  Сонымен қатар арналарды жүргізу керек, нәтижесінде суару жүйелерімен 10 мың гектардан астам аумақты қамти аламыз, - дейді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша,биыл су тасқыны кезінде жарылғыш жұмыстарға 264 миллион бөлініп, орындары анықталған.

- Техникада жеткілікті, 7000 адамға арналған 68 эвакопункт дайындалды. Ақпан айында температураның өзгеруіне, қалалар мен аудандардың әкімдеріне, әсіресе су басу қаупі бар аймақтарға дайын болу керек. Барлық әлсіз жерлерді тағы бір рет талдап, су және су өткізу құрылыстарын тазартуға ерекше назар аудара отырып, қауіпсіздік шараларын пысықтау қажет, - деп атап өтті ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив