Аудан әкімдері су тасқыны бойынша проблемаларды анықтайды – ШҚО
ШҚО-дағы аудан әкімдері 10 күн ішінде су тасқынына қатысты өз өңіріндегі проблемаларды анықтап, ақпарат жинақтауға тиіс. Аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай тапсырма берді.
Облыс әкімі коммуналдық қызметтер мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен су тасқыны кезеңі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аймағымыздың кейбір аудандарында қар қалыңдығының биіктігі 115 сантиметрге, ал мұздың қалыңдығы 70 см-ге жеткен. Жарылыс жұмыстарын қажет ететін жерлер анықталып қойған. Облыс басшысы оларға алаңдамау үшін тендерлік процедураларды алдын-ала жүргізу маңызды екенін айлға тартты.
Қазір каналдарды, ағындарды, су өткізгіш құрылыстарды, көпірлер мен жолдардың астын тазалау жұмыстары басталып кетті. Осы аралықта 130 мың текше метрден астам қар шығарылған екен. Төтенше жағдай қызметі мобильдік бригадалары барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, эвакуациялық пункттер дайындалып, айқындалған.
Әкімнің айтуынша, қары қалың Шемонаиха, Глубокое, Ұлан аудандары мен Алтай ауданы алаңдаушылық тудырып отыр.