Астана мен Челябинск арасында әуе рейсі ашылады
Қазақстанда «Астана – Челябинск» бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесі
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынасты одан әрі жаңғырту жөніндегі жұмыс шеңберінде Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Астана – Челябинск бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осы жұмыстың нәтижесінде қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын «Астана – Челябинск» бғытында тұрақты жолаушылар рейстерін іске асыруды жоспарлап отыр.
Билеттерді аталған авиакомпанияның ресми сайтынан сатып алуға болады.