ШҚО-да мұз өткелі жеңіл автокөліктер үшін ашылды

Шығыстағы "Қызылту" мұз өткелінде 1,5 тоннадан аспайтын жеңіл автокөліктер үшін жол ашылды.
Бұған дейін Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткелі арқылы жүруге тыйым салынған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті 1 ақпаннан бастап мұз өткелі 1,5 тоннадан аспайтын жеңіл автокөліктер үшін ашылғаны жайлы мәлімдеді.
- 01. 02. 2023 жылы "Қызылту" мұз өткелі 1,5 тоннадан аспайтын жеңіл автокөліктер үшін жол ашылды. 1,5 тоннадан асатын автокөлік иелері Зайсан ауданы және Үлкен Нарын ауданы арқылы өтеді. Мұз өткелінде қойылған жол белгілері талаптарын бұзбай, сақтауларыңызды сұраймыз, - делінген департаменттің хабарламасында.
Оқи отырыңыз