Сәтбаев даңғылының бойында жер үсті өткелі ашылды – Өскемен
Сәтбаев даңғылында жер үсті өткелі ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жер үсті өткелі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығының алдында орналасқан. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, бүгін 15.30-дан бастап аталмыш аумақтағы жол белгілері алынып тасталады. Тұрғындар жолдан тек өткел арқылы ғана өтеді.
Еске сала кетейік, бұл Сәтбаев бойындағы екі өткелдің бірі. Екіншісі – Халифа Алтай мешітінің алдында салынып жатыр. Ол нысан Жаңа жылдан кейін қолданысқа беріледі.
Оқи отырыңыз