ШҚО-да 20-ға жуық үй өртенді
Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысында жиырмаға жуық үй өртенді.
Құтқарушылар айтуынша, биыл өрттің шығуына себеп болған негізгі фактор – жылу жүйесіндегі ақауға, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ электр жабдықтарын дұрыс қолданбағандықтан және от жаққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандық төтенше жағдай туындайды.
Жалпы құтқарушылар жылыту кезеңі басталғанға дейін әлеуметтік осал топ өкілдерінің үйіне 2 476 көміртегі тотығы датчигін орнатқан.
«Бұл ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Қызметкерлері 160 000-нан астам үйді аралап көрді. Нәтижеде 40 012 үйде 42 820 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды», - дейді ШҚО ТЖД өкілі Нұржан Өміржанов.