KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
507.05 594.82 6.51

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

14.02.2023, 21:11 549 Мадина Амангелдіқызы

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғандарына 34 жыл толады.

Тарихи датаға орай  Өскеменде Әскери-техникалық мектепте жиын өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы қазақ жерінен ауған соғысына 22 мыңнан астам адам барған. Оның ішінде 2267 адам - Шығыс Қазақстан облысынан аттаныпты. 10 жылға созылған сұрапыл соғыстан жауынгерлердің 86-сы майдан шебінен оралмаған.

«Бүгін жастармен кездесу өткіздік. Басты мақсат-өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.Әскери-техникалық мектепте тәлім алып жатқан жастармен кездесіп жатырмыз. Шараны ұйымдастыруға ат салысқан азаматтарға алғыс айтамыз»-деді,ауған соғысының ардагері Ержан Ержепов

 

 Шара барысында  көпшілік  ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлердің  аруағына тағзым етіп, қарулас достарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.   Басқосу ары қарай ізгі-тілек, құттықтауларға ұласты. Кейінгі жас буын майдан өтінде қан кешкен боздақтарға арнап өлең оқыды.

Ардагерлермен кездесу шарасы Өскемендегі №25 мектепте жалғасын тапты. Мұнда Әскери-техникалық мектеп пен оқушылар арасында сайыс өтті. Жас өрендер саптық жүріс, қаруды  бұзу мен жинау, биологиялық қару қолданған жағдайда қорғаныш құралдарын уақытқа кию сынды жарыста кім мықтыны анықтады.

Бұл шараның мақсаты - мектеп оқушылары арасында достық қарым қатынасты арттыру,  салауатты өмір салтын насихаттау, әскери қолданбалы спорт түрін арттыру, балалардың бойындағы отансүйгіштік  қасиеттерін арттыру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу