KZ
Өскемен
-1°
снег жел 6 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

ШҚО-да бір күнде 47 қар көшкіні болды

шартты сурет

15.02.2023, 10:25 459 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында көшкін қаупі сейілер емес.

Самар тасжолының бойында бір күнде 47 қар көшкіні болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, өңірде қар көшкіні жиі болатын үш учаске бар. Бұл учаскелер Өскемен-Тарғын-Самар және Өскемен-Тулы Үлбі-Северное тасжолдарының бойында.

«Биыл көшкін жиі жүрді. Мәселен Өскемен-Самар жолында бір күнде түрлі көлемде 47 көшкін түскені болды. Дегенмен барлық қауіпті аймақтар бақылауда. Көшкіннің алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр», - деді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу