Катонқарағайдағы ойын алаңдарына 333 миллион теңге бөлінген
Катонқарағай ауданының әкімдігінен хабарлағандай, ағымдағы жылы өңірдің елді мекендеріндегі саябақтар, балалар алаңқайлары мен ойын алаңдарын абаттандыруға 333 миллион теңге бөлінген.
Осының арқасында Үлкен Нарын мен Катонқарағай секілді ауылдарда ойын алаңдары салынып, бірнеше шағын саябақ пайда болды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Топқайың ауылындағы шағын футбол алаңы жөндеуден өтті.
Бұған қоса, жыл сайын кешенді жоспар шеңберінде аудан орталығындағы 19 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға 40-50 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Дәл осындай жұмыс Катонқарағай ауылында да қолға алынбақ. Мәселен, 2021 жылы аталған елді мекенде төрт көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын қалпына келтіруге 50 миллион теңге бөлінбек.