Аулаларды абаттандыруға 500 миллион теңге бөлінеді – Өскемен
Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 аула, 12 балалар, 5 футбол алаңы мен шалғай аудандар жарықтандырылған.
Алдағы 2023 жылы аталмыш жобаны іске асыруға 855 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
-2023 жылы жобаны іске асыруға 855 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Оның ішінде аулаларды абаттандыруға — 500 миллион, сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуға — 122 миллион, шағын сәулет нысандарын орнатуға — 130 миллион, тротуарларға— 42 миллион, футбол алаңдарын ұйымдастыруға — 45 миллион теңге, - дейді қала әкімі.
Оқи отырыңыз