Су тасқынына дайындық жұмыстарын арнайы жұмыс топтары тексереді – ШҚО
ШҚО-да өңірлердегі су тасқынына дайындық жұмыстарын тексеру үшін арнайы жұмыс топтар құрылды.
Оның құрамына әкімдік, ТЖД, Ертіс бассейндік инспекциясының және басқа да ведомстволардың қызметкерлері кіреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жұмыс топтары барлық аудандарға барып, ондағы су тасқынына дайындық жұмыстарын толықтай тексеретін болады. Атап айтақнда, қар шығару, су өткізгіш құбырлар мен каналдардың тазартылуы, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдардың дайындығы тексереді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, өзендерде жоспарланған жарылыс жұмыстарының орындарына барып, су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шараларды бақылайды.
- Жергілікті кәсіпкерлердің тұрғындарды азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі, су тасқыны кезінде тауарлардың жеткізілуі мен көлік қызметінің көрсетілуі, жанар-жағармайдың жеткізілуін де жұмыс топтары тескеруге міндетті, - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстың қалалары мен аудан әкімдіктерінде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік ету кестесі айқындалып, су тасқыны кезеңінде, ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы көрсетілген.
Оқи отырыңыз