KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар 2 мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда

16.02.2023, 18:23 341 Ләззат Қанатқызы

Елімізде 770-ке жуық волонтерлік ұйым, әртүрлі салада жұмыс істейтін 17 мыңнан астам ҮЕҰ бар. Азаматтық қоғам қашанда елдің дамуына және проблемалық мәселелерді шешуге хал-қадерінше қатысуға ұмтылып келеді. Мемлекет өз тарапынан бұған тек қана қолдау білдіреді.

Мемлекеттік құрылымдар мен үкі­меттік емес сектор әлеуметтік серіктестер ретінде бүгінде әртүрлі әлеуметтік маңызы бар тақырып бойынша 2 мың­ға жуық жобаны жүзеге асыруда. Ал 2022 жылы мемлекет пен азаматтық сектор­дың өзара іс-қимыл тетігі тіпті нығайтылды – стратегиялық әріптестік орнату мүмкіндіктері заң жүзінде бекітілді. Бұл мемлекет пен ҮЕҰ-ның жалпыұлт­тық даму басымдықтарын іске асыру бағыт­тарында әлдеқайда тығыз бірлесе жұмыс істеуіне негіз, сондай-ақ ең өзекті мә­селелер бойынша ҮЕҰ жобаларын  қолдау тетіктерін жасайды.

Қоғамдық кеңестер Қазақстан халқының азаматтық-саяси белсенділігін арттырудың пәрменді шарасы, сондай-ақ билік пен халық арасындағы кері байланыстың өзін жақсы танытқан тетігі болып қала береді. Бүгінгі таңда республикада орталық мемлекеттік органдарды қоса алғанда, 250-ден астам ҚК бар, олар 2022 жылдан бастап тағы 13 квазимемлекеттік ұйымда құрылды. Өткен жылы ҚК-нің барлық құрамына ревизия жүргізіліп, олардағы билік өкілдерінің саны барынша азайтылды. Кеңестердің жұмысына 4 мыңнан астам адам тартылған болса, олардың басым көпшілігі – үкіметтік емес сектор мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері.

Сумен қамтамасыз етуден бастап заң және нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қарауға дейінгі, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылаудан бастап жер мәселесіне дейінгі азаматтар үшін ең көкейкесті мәселелер – ҚК-лердің басты назарында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу