KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Қыс басталғалы 243 мың текше метр қар шығарылды – ШҚО

17.02.2023, 11:41 322 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да көктемге су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілді.

Естеріңізге сала кетейік, аудандарда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексеру үшін арнайы жұмыс топтары құрыл, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыста жергілікті атқарушы органдар жалпы ұзындығы 221 шақырым 1057 су өткізу құрылыстарын, 217 канал мен арықты тазартты. Қыс басталғалы бері өңірдегі қала, аудан көшелерінен 243 мың текше метр қар шығарылған.

Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне құм салынған 42 мың дана қап, 1874 тонна инертті материал, 237 тонна жанар-жағармай дайындалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу