ШҚО-да “Ата-ана бақылауы” атты жаңа жоба қолға алынды
Облыс орталығында ата-аналар балаларының мектепке келіп-кеткенін мобильді қосымша арқылы тексере алады.
“Ата-ана бақылауы” атты жаңа жобаға 55 мектеп қатысып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ата-аналар балаларының мектепке келіп-қайтқаны туралы автоматты түрде хабардар етіліп отырады. Осы үшін арнайы мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Жобаға қала бойынша 55 мектеп қатысуда, - деді ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Рүстем Досқожа.
Оның айтуынша, биыл террористік тұрғыдан осал объектілердегі өрт қауіпсіздігін басқару жүйесіне қатысты пилоттық жоба енгізілмек.
Оқи отырыңыз