KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда баланың қай жерде жүргенін смартфон арқылы бақылайтын жүйе іске қосылады

25.01.2021, 14:27 339
Елімізде балалардың қайда жүргенін қадағалауға арналған жүйе іске қосылмақ. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

- Министрлік биыл іске асыратын пилоттық жобаларды атап өткім келеді. Ол баланың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін «Мені тап» желісі, - деді Ораз брифингте.

"Мені тап" — Bluetooth желісінде жұмыс істеп, трекерлерді бақылайтын мобильді қосымша.

- Қосымша ата-аналардың смартфондарына орнатылады, ал трекерлерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкелеріне орнатып қоюға болады. Егер ата-ана баламен байланыса алмаған жағдайда мобильді қосымшаны іске қосып, Bluetooth арқылы трекерді іздей алады, - деп қоса кетті Нұрділдә Ораз. 

Сонымен қатар ол  жүйенің жедел басқару орталығымен интеграцияланатынын, яғни баланы іздеген жағдайда сигнал автоматты түрде полицияға түсетінін атап өтті.

ІІМ жоспарланған басқа жобалар арасында:
* жедел шақыру құрылғысы - "SOS батырмасы". Оны басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе полициядан көмек сұрауға болады;
* 102 мобильді қосымшасы. Оның көмегімен құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Сонымен қатар өтінішті тек телефон байланысы арқылы ғана емес мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы да бере алады.
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу