KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да әскери қызметшілер арасында Президенттік үшсайыс басталды

23.02.2023, 11:01 393 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында Президенттік үшсайыстан ҚР Қарулы күштерінің чемпионаты өтеді. 

Аталған спорттық бәсеке ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеты - Орталык спорт клубының  үйымдастыруымен өтуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 100 ден аса қатысушы келді.

21 ақпан күні жарысқа қатысушылар Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық манежінде командалар тіркеуден өтіп, 22 ақпан күні  Президенттік үшсайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

- Әскерилердің дене шынықтыру дайындығы олардың мойындарына жүктелген жауапкершілікке байланысты қашанда жоғары деңгейде болуы керек. Сонымен қатар, әр әскери қызметші қару-жарақтың құрылымын біліп, оларды тәжірибе жүзінде қолдана алуы тиіс. Біз бұл сайыста әскерилердің осы бағыттағы дағдыларын тексереміз, - деді “Шығыс өңірлік қолбасшылығының дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы майор Нұржан Тұрымов.

Айта кету керек, чемпионат 22-25 ақпан аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив