Шетелдік екі азамат елден қуылды – ШҚО
шартты сурет
Шығыс Қазақстанда облысында заңсыз еңбек еткен шетелдік екі азамат ұсталды.
Олар енді ел шекарасын бес жылдан кейін ғана кесіп өте алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Заң бұзушылардың бірі – Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол Зайсан ауданында ұсталды. Екіншісі – Ресей азаматы, Шемонаихада қолға түсті.
«Олар Қазақстан Республикасына бес жылдан кейін ғана орала алады. Сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары өңірде «Мигрант» жедел шарасын жүргізіп жатқанын айта кетейік.
Оқи отырыңыз