Заңсыз кірген 10 азамат елден шығарылды
ШҚО аумағында 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің алғашқы күні 140-тан астам азамат, сондай-ақ, полиция органдарына шетелдіктердің келуі туралы уақытылы хабарламағаны үшін 58 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен 10-нан астам шетелдік ел аумағынан шығарылды.
Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен кәсіпорындар тексерілген.
- Өткен кезекші тәулікте шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін барлығы 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең басты бұзушылық - барлық жұмысшыларда тіркеу және еңбек қызметімен айналысуға арнайы рұқсаттың болмауы болып отыр. Бұл құқық бұзушылық үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әдеттегідей, шетелдік азаматтардың төлқұжаттары сотқа ұсынылады, оның үкімі бойынша жұмысшылар көші - қон полициясы қызметкерлерімен елден шығарылады, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекбаев.