“Қонақжай отбасы”: Балаларды қабылдауға 11 отбасы өтініш берген
Өңірде жасөспірімдерге ауызекі мемлекеттік тілді үйрету үшін “Қонақжай отбасы” жобасы қолға алынған болатын. Яғни, қала оқушыларын Катонқарағай ауданындағы қонақ отбасыларына бір айға жіберу жоспарлануда. Ол арқылы бала ауызекі мемлекеттік тілді тезірек меңгере алады.
Қонақтар отбасыларына 12-14 жас аралығындағы балалар жіберіледі. Әзірге оқушылар тұратын екі елді мекен анықталды, олар Өрел және Катонқарағай ауылдары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Қазіргі уақытта аталған ауылдардағы 11 отбасы балаларды қабылдауға өтініш білдіріп үлгерген.
Баланы қабылдайтын отбасына бірқатар талаптар қойылған. Атап айтқанда, тұратын жердің, төсек-орынның тазалығы, күнделікті ас мәзірі, қауіпсіздігі мен ауызекі тілді үйренуі.