ШҚО-ға былтыр 6 мың адам көшіп келді
Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, өткен жылы Шығыс Қазақстанға еліміздің өзге өңірлерінен және басқа мемлекеттерден алты мың адам көшіп келген.
Ал облыстан 9,7 мың адам қоныс аударды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осылайша, келгендер саны 10,2%-ға өсті, ал кеткендер саны 2021 жылғы деңгейде қалды.
– Шығыстан көшкендердің 77,7%-ы Қазақстанның өзге облыстарына, 21,4%-ы ТМД елдеріне және 0,9%-ы алыс шет елдерге қоныс аударды. Ал жергілікті халық Қытайдан және Моңғолиядан келген азаматтармен толықты, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
Оқи отырыңыз