KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 10 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

Жыл басынан бері Қазақстаннан 8 мың адам кетіп қалды

19.05.2019, 05:07 255

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін Қазақстаннан басқа елдерге 8 355 адам кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлімдеді. ТМД елдеріне кеткендердің жалпы саны 7 455, басқа елдерге 910 адам кетті.

 

Жекелеген этникалық топтар бойынша сыртқы көші былайша өрбіді: орыстар – 71,9 %, немістер – 6,6%, украиндар – 6,9%, қазақтар, – 4,7%, татарлар – 2,2%, өзбектер – 0,5%, өзгелері – 7,2%.

 

Ал Қазақстанға келгендер арасында қазақтар көш бастап тұр – 60,5%.

 

Осылайша, жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы минус 5 179 адам. 2018 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырсақ, көшіп келгендер саны 8,4%-ға азайды, қоныс аударғандар саны 22%-ға артты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу