KZ
Өскемен
+19°
дождь жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Шығысқазақстандық өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша жаңа рекорд орнатты

27.02.2023, 09:47 321 Ләззат Қанатқызы

Астана қаласында ерлер арасында XXXI қысқы чемпионат, әйелдер арасында IX, жасөспірімдер арасында өрт сөндіру құтқару спортынан VIII чемпионат өтті.

Кіші топтағы жасөспірімдер арасында үздік нәтиже көрсеткен Арсений Скуратов оқу мұнарасының 2-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен 7,34 секундта көтеріліп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемендіктер жасөспірімдер арасында чемпион атанған және ерлер арасында үшінші орын алған өрт-құтқару спорты бойынша спортшылар командасын қарсы алды.

Үлкендер тобында Виктор Коршак шабуыл баспалдағымен көтерілуде чемпион атанса, спортшы Эльдар Авиловта 2 орынды иеленді. 100 метрлік жолақты кедергілермен еңсеруде 3 орынды Никита Боков иеленді.

Ерлер арасында Мақсат Романов жүз метрлік жолағын еңсеруде 2-орын және Максим Черносвитов қоссайыста 3-орынды қанжығаға байлады.

Үш күн ішінде спортшылар ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы оқу мұнарасының екінші және төртінші қабатындағы терезеге шабуыл баспалдақтарымен көтеріліп, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтті.

Мұндай деңгейдегі жарыстардың өзіндік даралығы, қойылымы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсібін насихаттауға, сондай-ақ кәсіби және спорттық шеберлікті арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив