Шығыстың құтқарушылары мықты екен
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан өткен ел чемпионатының жеңімпазы атанды.
Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 команда, 272 адам қатысты. Байрақты бәсекеде облысымыздың намысын ерлер, әйелдер, сондай-ақ жастар құрамалары қорғады. Спортшылар әдеттегідей кедергісі бар 100 метрлік жолақпен жүгіріп, оқу мұнарасы үшінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтеріліп шығудан сайысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, облысымыздың ерлер мен жастар құрамалары қарсылас шақ келтірмей, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Ал әйелдер командасы бесінші орынға табан тіреді.
Осы ретте, оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтеріліп шығудан жастар арасында өз санаттарында топ жарған Дінмұхаммед Әбілбаев пен Глеб Колмаковтың жетістіктерін атап өткен орынды. Сол сияқты, екінші орыннан көрінген Артур Азизовтың көрсеткіші де айтуға тұрарлық.
Ал кедергілері бар 100 метрлік жолақты жүгірі өту жарыстарында Дінмұхаммед Әбілбаев пен Виктор Коршак (екеуі де бірінші орын), Глеб Колмаков (екінші орын), сондай-ақ Елдар Әбілов (үшінші орын) сияқты жерлестеріміз көзге түсті. Ерлер арасындағы додада Мақсат Романов (қоссайыс) чемпион атанды.
Айта кетейік, жас жерлестеріміздің бұл спорт түріне бет бұрғанына төрт жылдың жүзі болыпты. Осыншама аз уақыттың ішінде Михаил Филатов жаттықтыратын спортшыларымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.
– Бұл – ұзақ жаттығулардың, төгілген маңдай тер мен тесілген табан еттің жемісі. Спортшыларымыздың жеңіске жетуге, жаңа асуларды алуға деген құлшынысы ерекше болды, – дейді бапкердің өзі.

Оқи отырыңыз